Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы екі қола жүлде иеленді

@eduardocanо /Unsplash
@eduardocanо /Unsplash

 Милад Карими енді кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында да өнер көрсетеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде еркін жаттығулар бағдарламасы бойынша қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы финалда Израиль спортшысы Артем Долгопят мен АҚШ өкілі Иваи Юнносукеге жол берді.

«Осылайша Милад төрешілердің шешімімен 13.966 ұпай жинап, Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Карими осы Әлем кубогының кезеңінде кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында да өнер көрсетеді. Сонымен қатар ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов медаль үшін бақ сынайды.

Сондай-ақ спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нариман Құрбанов та қола жүлдеге ие болды.

«Гимнаст ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетіп, шешуші бағдарламада 14.233 ұпай жинады. Осы нәтижемен Құрбанов Әлем кубогы кезеңін үшінші орынмен аяқтады», - делінген хабарламада.

Дәл осы бағдарламада Зейнолла Ыдырысов сегізінші орынға тұрақтады.

Ал алтын медальді армениялық Гамлет Манукян (14.633 ұпай) жеңіп алды. Күміс жүлде қытайлық Тянлун Гаоға бұйырды — 14.400 ұпай.

Оқи отырыңыз: Жер сілкінісі кезінде қандай басты ережелерді сақтау керек

Новости партнеров