Стенд атудан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы екі алтын медаль алды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Спортшыларымыз жалпы 5 медаль жеңіп алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазіргі таңда Қатардың Доха қаласында стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста 5 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 2 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде бар.

Әйелдер арасындағы «скит» сайысында Адель Садақбаева чемпион атанды. Ал осы сайыс түрінде Ольга Хайлова қола жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ «скит» дисциплинасында әйелдер құрамасы командалық жарыста алтын медаль жеңіп алды. Команда сапында Адель Садақбаева, Ольга Хайлова және Әсем Орынбай ел намысын қорғады.

Ерлер арасында Эдуард Ещенко «скит» сайысында күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұған қоса, осы дисциплина бойынша ерлер құрамасы командалық бәсекеде қола медаль иеленді. Құрама құрамында Ратмир Еникеев, Эдуард Ещенко және Илья Пеньков өнер көрсетті.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 22 қаңтарға дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз: Қазақ спортының дамуына Алматының қосқан үлесі көп - сарапшы

Новости партнеров