Светлана Кан Дүниежүзілік таэквондо федерациясының турнирінде 15 елдің қатысушысын жеңіп, бірінші орынды еншілеген
Таэквондодан әлем чемпионы Светлана Кан Қазақстан мен Орталық Азияда 8-данның жалғыз иегері атанды. Ол әйелдер арасында гранд-шебер мәртебесіне ие. Спортшыны бұл жеңісімен Оңтүстік Кореяның Алматыдағы бас консулы мен Қазақстан корейлер қауымдастығының президенті салтанатты түрде құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Светлана Кан Дүниежүзілік таэквондо федерациясының турнирінде 15 елдің қатысушысын жеңіп, бірінші орынды еншілеген. Гранд-шебер иегері енді тоғызыншы данын алып, ұлы шебер атағына ие болғысы келеді.
"Мен осы күнге дейін дәстүрлі таэквондодан да, олипиадалық таэквондодан да жақсы жетістіктерге жетіп келемін. Гранд-шебер атағын алғаннан кейін бәріне қол жеткізуге болатынына көзім жетті. Сондықтан жастар белсенді түрде спортпен айналысып, жоғары жетістіктерге жетуі керек. Олармен өз тәжірибемді бөліскім келеді", – деді таэквондодан гранд-шебер Светлана Кан.
Оқи отырыңыз:Әлем чемпионатында жүлде алған балуандарға ҚР спорт шебері атағы берілді
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!