Бразилия Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін зерттеуді бастады

Фото: unsplash.com (Wenhao Ruan)
Фото: unsplash.com (Wenhao Ruan)

Қазір негізгі жұмыс – қара жәшіктерден деректерді алу және талдау

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін тексеруді Бразилиядағы авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы жүргізіп жатыр. Елде Әзірбайжан, Қазақстан және Ресейден де өкілдер бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сарапшылар қазірдің өзінде рейстіркегіштердегі деректерді зерттей бастады, деп жазады бразилиялық "Agência Brasil" ақпараттық порталы.

Қазір негізгі жұмыс – қара жәшіктерден деректерді алу және талдау, онда ұшқыштардың дауыстары жазылған жазбалар мен ұшақтың бүкіл ұшу кезіндегі, апатқа ұшырағанға дейінгі жағдайы туралы ақпарат бар.

"Бразилиядағы тергеушілер кабинадағы сөйлесулердің аудиожазбаларымен және ұшақтың ұшу деректерін жазу құрылғыларымен жұмыс істеуде. CENIPA мамандары жағдайды модельдеу, ұшақтың жылдамдығын, оның траекториясын дәл бағалау және өз қорытындыларын жасау үшін компьютерлік технологияны пайдаланады", — деді Бразилияның әуе күштері.

30 желтоқсанда Қазақстан қара жәшіктерді Бразилияға жібергені хабарланды.

Еске салайық, еше 25 желтоқсанда сағат 11.30-да Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының әуе кемесі Ақтау әуежайынан 3 км жерде апатқа ұшырады.  

Сағат 11.35-те келген құтқарушылар өртті сөндіруге кірісті, ал сағат 12.05-те өрт толығымен сөндірілді. Апат болған жердің жалпы ауданы 4 200 шаршы метрді құрады.

Ұшақтың бортында 67 жолаушы, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Ақтау қаласының медициналық мекемелеріне 29 адам жеткізілді, оның ішінде 3 кәмелетке толмаған құтқарылды. Дәрігерлер ауруханаға жеткізілген 7 науқастың жағдайы өте ауыр екенін айтты.

Қаза тапқандардың 38 мәйіті табылды, олар медициналық сараптама орталығына жеткізілді, олардың ішінде 6 Қазақстан азаматы және 3 экипаж мүшесі бар. 10 адамның денесі анықталды. Апатқа ұшыраған ұшақта болған қазақстандықтар тірі қалмағаны белгілі болды. Кейіннен қаза болған қазақстандық азаматтардың отбасына қаржылай көмек көрсетілетіні белгілі болды.

ТЖМ Ақтау маңындағы ұшақ апаты болған жерден видео жариялады.

Оқиға салдарын жоюға Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінен, Ұлттық ұланнан, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтінен, Апаттар медицинасы орталығынан, жедел медициналық көмек бригадасынан және жергілікті атқарушы органдардан 492 адам, 102 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 10 кинологиялық есептоп, оның ішінде Астана қаласынан барған санитарлық борт жұмылдырылды. Ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушыларға Қанат Бозымбаев барды.

Қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды

Сондай-ақ Әзербайжаннан Ақтау қаласына келген делегация ауруханада жатқан отандастарын еліне алып кетті. Сонымен қатар маңғыстаулықтар ұшақ апатынан зардап шеккен 9 ресейлік азаматты Мәскеуге шығарып салды. Ал ұшақта болған Қырғызстан азаматтары тірі екені айтылды

Айта кетерлігі, ұшақ апаты кезінде алғашқы болып қосалқы стансасының мамандары көмек көрсеткен.

Алматылық жастар ұшақ апатынан зардап шеккендер үшін қан тапсырып, тұрғындар марқұмдардың рухына тағзым етті.

Оқи отырыңыз: Ұшақ апаты: Ақтауға бразилиялық мамандар келді

Новости партнеров