Триатлоннан бірнеше отандасымыз Азия кубогында жүлдеге ие болды

t.me/DRSQazaqstan
t.me/DRSQazaqstan

Турнирге 22 елден 125 спортшы тіркелді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Триатлоннан бірнеше отандасымыз Азия кубогында жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Ұлттық олимпиада комитетінен хабарлағандай, 8-9 тамыз күндері аралығында Түркістан қаласында өткен Азия кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілдері ересек және жасөспірімдер санатында жүлдегерлерді анықтады.

Ерлер арасындағы жарыста қатысушылар 1,5 шақырым жүзу, 40 шақырым веложарыс және 10 шақырым жүгіруде сынға сынға түсіп, Қазақстан құрамасының өкілі Арлан Жаңабай 01:47:07 нәтижесімен екінші орынға ие болды.

Жасөспірімдер 750 метр жүзу, 20 шақырым веложарыс және 5 шақырымға жүгірді.

Соның нәтижесінде ерлер бәсекесінде Рамазан Айнегов пен Гор Деперешмидт алғашқы алтын мен күміс жүлдені бөлісті.

Арулар арасында Алуа Нұрмұхамет топ жарса, Ксения Шнайдер күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, 2 күнге жалғасқан Азия кубогында 22 елден 125 спортшы тіркелді.

Оқи отырыңыз: Астанада тұрғындар кітап оқып, 600 мың теңгеге дейін ұтып ала алады