Үшінші әлем чемпионы титулын елге алып барума аз қалды: Жәнібек Әлімханұлы Эрисланди Ларамен қолғап түйістіреді

25.11.2025 20:50

Жекпе-жек АҚШ-тың Сан-Антонио қаласындағы Frost Bank Center аренасында өтеді

Janibek Alimkhanuly жеке парақшасынан алынды

Қазірге дейін WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанған отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда Эрисланди Ларамен қолғап түйістіретіні белгілі.

Осы жекпе-жекті қашан және қайдан көруге болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үшінші әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек АҚШ-тың Сан-Антонио қаласындағы Frost Bank Center аренасында өтеді.

Отандық арналардан Алимханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші осы арналарда таңғы 6:00-де басталады.

Еске сала кетейік, отандасымыз Жәнібек 6 желтоқсанда WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 42 жастағы Эрисланди Ларамен қолғап түйістіреді. 

Оқи отырыңыз: Әлем чемпионаты: Алматыда тоғызқұмалақтан кіл мықтылар анықталды