Үздік теннисшілер Алматы төрінде бас қосты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сегіз елден жиналған үздік теннисшілер Алматы төрінде бас қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шаһарда 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы халықаралық теннис додасы басталды. Байқауда Өзбекстан, Қырғызстан, Иордания, Иран, Сирия, Сауд Арабиясы және Түрікменстанның бетке ұстар спортшылары бақ сынауда. Жалпы 32 теннисші, оның 16-сы қыз, қалғаны – ер балалар. Бүгін Қазақстан атынан сегіз спортшы алаңға шықты. Алматыдағы іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қазан айында Жапонияда өтетін турнирдің финалына жолдама алады. Ал күншығыс елінде үздік болған спортшы Франциядағы чемпионатқа қатысады.

"Алдымен топтық сын басталады. Ол 3 күнге жалғасады. Кеше жеребе рәсімі өтті, 16 спортшы 4 топқа бөлінді. Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Сирия мемлекетінен бір спортсмен, Түркменстаннан, Иорданиядан екі ұл бала келді. Сауд Арабиясынан бір спортшы бақ сынып жатыр" , - деді турнир директоры Бибарыс Исламов.

"Мен 16 жастамын, турнирға екі-үш апта бұрын дайындалуды бастадық. Мақсатым - турнирды ұту, бірақ сол турнирды ұту үшін көп күш-қуатты салу қажет. Қазақстан спортшыларының деңгейі өте жоғары деп ойлаймын. Өйткені, олар түрлі турнирлерді ұтып жүреді, шетелдегі жарыстарға көп ойнайды. Мен де солар сияқты ойнағым келеді", - деді қатысушы Алуа Марат.