XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында ел намысын 78 спортшы қорғайды

Биылғы дүбірлі дода 15–26 қараша аралығында Токиода өтпек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысатын спортшыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға Туризм және спорт министрі де қатысып, ұлттық құраманың капитанына Мемлекеттікт туды табыс етті. Биылғы дүбірлі дода 15–26 қараша аралығында Токиода өтпек. Онда әлемнің 80 елінен жиналған үш мыңға жуық қатысушы 21 спорт түрінен бақ сынайды. Ал ел намысын 78 спортшы қорғайды. Отандастарымыз жеңіл атлетика, еркін және грек-рим күресі, бадминтон, үстел теннисінен сынға түседі.

«Қазақстан ұлттық құрамасы жазғы додаға дайын. Бұл үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Ойындарға сапалы дайындалу үшін ұлттық құрама 50 оқу жаттығу жиынын өткізді. Спортшылар 14 халықаралық жарысқа қатысты», – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Оқи отырыңыз: Семейде дзюдодан ҚР чемпионаты басталды

Новости партнеров