Алматының шеткі аудандарын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қалада 2021 жылға дейін 23 шағынауданды су және кәріз құбырымен қамту аяқталады. Ал көшені жарықтандыру көрсеткішін 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оған қоса, жолдардың сапасын 75 пайызға дейін жақсарту да стратегияда айтылған. Сондай-ақ, жаңа Алматыда саябақтар мен халық демалатын орындар көптеп пайда болады. Қала басшысының халыққа ұсынған 2050 жылға арналған даму стратегиясы әлі ел талқылауында. Екі жарым айдан кейін қабылданатын бағдарлама алматылықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
«Меніңше, өте дұрыс. Себебі Алматы ¬– Қазақстанда жалғыз. Ендеше, қаладағы 8 аудан тұрғындарын да орталық, шет тұрғыны деп бөле-жарудың не керегі бар?!», - деді Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Құсман ШАЛАБАЕВ.
«Қабылданғалы отырған Алматы қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын қолдаймын. Бұл Алматы үшін аса маңызды құжат дер едім. Себебі, біздің қалада өзгелерде жоқ үш ерекшелік бар. Алматы жоғары мен төменге бөлінеді. Бұл тек тауға ғана қатысты дүние емес. Төмен жақта аз айлық, арзандау баға, өмір сүру сапасының төмендігі байқалады. Бағдарлама осындай кедергіні алып тастауға бағытталған. Қала бірдей дамуы үшін қолға алынып отыр. Оны халық түсініп, талқылауға қатысуы керек», - деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты Жанна ТӨЛЕГЕНОВА.
«Орталық аудандарға ғана емес, тек шеткі аудандарға да ақша бөлу қажет. Себебі, барлық аудан бірдей дамығаны дұрыс деп ойлаймын. Себебі, көп адамдар шеткі аймақта тұрады ғой. Орталыққа көп адамдар тек жұмыс істеуге келеді. Көлік кептелісі де сол себепті болады деп ойлаймын. Сондықтан, шет аудандарды бірінші дамытайық», - деді тұрғындардың бірі