Республика күні қарсаңында Қазақстанның барлық аймағында экоакция өткізілді

24.10.2026 17:11

Акцияға қоғамдық орындарды тазалау және көшеттер отырғызу кірді

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

Республика күні қарсаңында бүкілұлттық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Қазақстанның барлық аймақтарында аумақтарды тазалау және ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өткізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінен хабарлағандай,. іс-шараларға студенттер, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және аумақтық экология департаменттерін қоса алғанда, 353 мыңнан астам адам қатысты.

Акцияға қоғамдық орындарды тазалау және көшеттер отырғызу кірді. Қатысушылар бірлесіп аумақтарды қоқыстардан тазартып, елді мекендерді көгалдандыруға үлес қосты.

Акция нәтижесінде:

• 32 мыңнан астам тонна қоқыс жиналып, шығарылды;
• 189 мыңнан астам гектар тазартылды;
• 27 мыңнан астам ағаштар мен бұталар отырғызылды;
• 1,8 мыңнан көп тонна қалдықтар қайта өңделді.

Акция - «Таза Қазақстан» бастамасы бойынша жүйелі жұмыстың бөлігі және азаматтар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға, табиғатқа құрмет көрсету мәдениетін дамытуға және қоршаған ортаны жақсартуға ықпал етеді.

Ұқсас іс-шаралар еліміздің барлық аймағында өткізіле береді.

Оқи отырыңыз: Күзде қандай аурулар жиі асқынады

Толық көрсету