«Таза Қазақстан» феномені: қазақстандықтардың үштен бірі ел тазалығы үшін бірікті

22.10.2026 10:48

Жыл басынан бері 753 экологиялық іс-шара өткізілді

Ақорда

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялықбастамасы бүкіл ел бойынша 6,9 млн-нан астамадамды біріктірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, бірлескен күш-жігермен 1,1 млн. гектар аумақ тазартылды, 844 мың тонна қалдықжиналып, шығарылды, 1,3 млн астам ағашотырғызылды.

Жыл басынан бері 753 экологиялық іс-шара өткізілді, оған азаматтар, еріктілер, жастар, мемлекеттік органдар, бизнес және қоғамдықұйымдар өкілдері қатысты.

Бастаманың маңызды бөлігі-ерте жастанэкологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Жасылбалабақша» жобасы аясында экологиялықбағыттағы 295 мектепке дейінгі ұйым құрылды, ал мектептерде экологиялық тәрбие бойынша 158 мыңнан астам сынып сағаты өткізілді.

Қоғамдық экологиялық бақылау белсендідамып келеді. TazaQazBot Telegram-чат-боты арқылы санитарлық жағдай және аумақтардыабаттандыру мәселелері бойынша 59,6 мың өтінімкеліп түсті.

«Таза Қазақстан» - бұл жай ғана экологиялықакциялар емес, тазалыққа, табиғатқажауапкершілікпен қарауға және экологиялықмәдениетті қалыптастыруға деген ортақ ұмтылыс.

Оқи отырыңыз: Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы 4 медаль жеңіп алды

Толық көрсету