TazaQala: Алматыда жасанды интеллект көмегімен 500 тоннадан астам заңсыз қоқыс тазартылды

Платформа арқылы 871 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, оның 507-сі жойылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда заңсыз қоқыс үйінділерімен күреске арналған «TazaQala» цифрлық платформасы іске қосылды,  деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жобаны қалалық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универститеті бірлесіп әзірлеген. Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін жүйе қоқыстың түрі мен орналасқан жерін анықтап, ақпаратты жауапты мекемелерге жібереді. Ал тұрғындар заңсыз қоқыс орындарын фотоға түсіріп, олардың мекен-жайын платформа арқылы белгілей алады.

«Платформаның басты идеясы – ашықтық. Өтініш бірден картаға шығып, құзырлы органдар көреді. Сіз де қоқысты кім тазалап жатыр, кім тазалау керек екенін біліп отырсаңыз болады. Кез келген азамат қоқыс орындарын көрсе, суретке түсіреді. Жасанды интеллект талдап, қалай шешеуге болады, қанша адам керек деген сияқты сауалдарға жауап береді», – деді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты Нұрлыхан Қалжыханов

Платформа арқылы 871 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, оның 507-сі жойылған. Нәтижесінде 500 тоннадан астам қалдық шығарылыпты. Жоба қаладағы экологиялық мәселелерді жедел шешуге және тұрғындарды, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Платформа веб-нұсқада жұмыс істеп тұр және соңғы алты ай ішінде қолданылып келеді. Ал мобильді қосымшасы қазір тексеру кезеңінен өтуде. Мамандардың айтуынша, ол жақын уақытта іске қосылып, тұрғындар оны жүктеп, пайдалана алады.

«Қоқыс анықталған кезден бастап жасанды интелект ауданды анықтап береді.  Әр ауданның жұмысшылар  қоқысты тазалауға міндетті. Жұмыс аяқталға да тағы  сурет салады, АКТ жүктейді», – деді Алматы қаласы Мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Арман Нүгірбеков.

ОҚи отырыңыз: Ақтауда аса ірі көлемде есірткі сақтады деген күдікті ұсталды