Алматы әуежайына әлемдегі ең үлкен ұшақ қонды

inform.kz
inform.kz
Ан-225 «Мрия» жүк таситын алып лайнер Қытайдан Польшаға бет алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әуежайына әлемдегі ең үлкен ұшақ қонды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Ан-225 «Мрия» жүк таситын алып лайнер Қытайдан Польшаға бет алған. Әуе кемесі қалаға жанармай құю үшін уақытша тоқтаған. Аты аңызға айналған ұшақ ауа-райының қолайсыздығына қарамастан Алматы әуежайына аман-есен қонған. Еске сала кетейік, гуманитарлық көмек толы әуе кемесі коронавирус инфекциясымен күрес үшін жіберілген. Ұщаққа медициналық құрал-жабдықтар тиелген. Әуе кемесі Польшаның Варшава қаласына бүгін қонады.

«Алматы халықаралық әуежайында 2 ұшып, қонатын жолақ бар. Ол кез келген әуе кемесін қабылдауға қауқарлы. Мәселен, бұл жолы бізге АН-225 келіп қонды. Оған қоса, ең үлкен жолаушылар ұшағы саналатын А-380-ді де қондыра аламыз. Кез келген ауа райында, бұлтты және жаңбырға қарамастан қабылдайтын мүмкіндіміз бар. АН-225 600 тоннаға дейінгі салмақты қозғалтуға болатын тұраққа тоқтады», – деді  Алматы халықаралық әуежайы арнайы транспорт қызметінің басшысы Ерлан СЕРІКБАЕВ.

Айта кетейік, алып лайнер 250 тоннаға дейін жүкті тасымалдай алады. Ұшақтың қанатының ұзындығы 84 метрді құрайды. Реактивті ұшақ Украинада 1988 жылы алғаш рет әуеге көтерілген. Әзірге бұл әлемдегі жалғыз үлкен, аса ауыр жүктерді көтере алатын ұшақ саналады.

Новости партнеров