|
19.10.2023 | 08:42
3058

Медициналық сақтандыруы жоқ қазақстандықтарға жүргізуші куәлігі берілмеуі мүмкін

Қазір 3 млн қазақстандық медициналық қызметтен тыс қалып отыр

Медициналық сақтандыруы жоқ қазақстандықтарға жүргізуші куәлігі берілмеуі мүмкін Фото: elements.envato.com

Жұмысы жоқ, Медициналық сақтандыру қорына ақша аудармайтын қазақстандықтарға жүргізуші куәлігі мен қару-жарақ алуға рұқсат берілмеуі мүмкін. Бұл туралы Мәжілістегі үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір 3 млн қазақстандық медициналық қызметтен тыс қалып отыр. Оларды мемлекет есебінен ішінара сақтандыруды жоспарлап отыр.

 Жүйенің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін келесі қажетті шарттарды ескеру қажет: 2025 жылдан бастап әрбір азамат салық декларациясын міндетті түрде тапсыратын болады. Осылайша, сақтандырылмаған азаматтардың табысы белгілі болып, 700 мыңға жуық адамды міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жоспарлануда, – деді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар, сақтандырылмаған тұлғаларға медициналық және онымен байланысты мемлекеттік қызметтерге шектеу қою ұсынылады.

Дереккөз: Inbusiness.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир