Қазақстаннан Египетке әуе рейстері қайтадан ашылады
popmech.ru
Наурыз айының басынан Қазақстанның «Air Astana», «Fly Arystan» және «SCAT» әуе компаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қостанай қалаларынан Шарм-эль-шейхке ұша бастайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2022 жылғы 17 ақпандағы шешіміне сәйкес Қазақстан мен Египет арасындағы әуе рейстері қайтадан ашылады, деп хабарайды Almaty.tv тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Наурыз айының басынан Қазақстанның «Air Astana», «Fly Arystan» және «SCAT» әуе компаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қостанай қалаларынан Шарм-эль-шейхке ұша бастайды.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестелерге сәйкес жүргізіледі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
11.10.2026 11:30
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
11.10.2026 17:34