Алматыдағы жол қиылыстарының бірі уақытша жабылады
ашық дереккөз
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшесінің қиылысында көлік қозғалысы 8 сағатқа тоқтайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"2022 жылы 16 сәуірде сағат 22:00-ден 17 сәуір сағат 6.00-ге дейін Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшесінің қиылысында автокөлік қозғалысы шектеледі", – делінген хабарламада.
Аталған жерде жүріс бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде апаттық жұмыстар жүргізу (жабынның апаттық тақталарын ауыстыру) үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС баспасөз қызметі, мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көлік жүргізушілеріне көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұрайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00