Алматы облысында республикалық маңызы бар автожол учаскесі жабылды
Фото: ашық дереккөзден
«Сарыөзек – Көктал» Республикалық маңызы бар автожол учаскесінде автокөліктін барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
7 маусым сағат 9:00-ден бастап жарылыс жұмыстарына байланысты «Сарыөзек – Көктал» Республикалық маңызы бар автожол учаскесі барлық көліктер үшін жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы облысы ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақавтожол» ҰК Алматы облыстық филиалы жол жөндеу барысында жарылыс жұмыстары жүргізілетінін хабарлаған. Осыған байланысты «Сарыөзек – Көктал» Республикалық маңызы бар автожол учаскесінде (45-86 шақырым) автокөліктін барлық түрлері үшін қозғалыс жабық.
Төтенше жағдайлар департаменті көлік жүргізушілерінен «Сарыөзек – Көктал» бағытында жолға шықпауды және бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51