Алматыдағы Сайын көшесін ұзарту жұмысы қашан аяқталады
Ашық дереккөз
2024 жылдың II тоқсанында Сайын және Мөңке би көшелерінің қиылысындағы жолайрық салу көзделген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыдағы Сайын көшесін ұзарту жұмыстарын осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал 2024 жылдың II тоқсанында Сайын және Мөңке би көшелерінің қиылысындағы жолайрық салу көзделген. Бұл туралы Алатау ауданының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
«Соның нәтижесінде қаланың негізгі магистралды көшелерінде, яғни Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшелерінде, сонымен қатар, аудандық маңызы бар көшелерде көлік легі айтарлықтай азаяды», - деді Ерболат Досаев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10