|
02.03.2023 | 10:13
1980

Биыл Медеу ауданында 126 автобус жаңартылмақ

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтып берді

Биыл Медеу ауданында 126 автобус жаңартылмақ ru.sputnik.kz

Биыл Медеу ауданында 126 автобус жаңартылмақ. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ауданның жол және көлік инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2022 жылы

27 км-ден астам жолға орташа жөндеу, сондай-ақ 32,5 мың шаршы метр жолға жөндеу жүргізілді, 18 км-ден астам тротуар жайластырылды.2023 жылы 37 көшедегі 32 км-ден астам жолды орташа жөндеу, сондай-ақ 50 мың шаршы метр жолды ағымдағы жөндеу және 16 көшеде 18,5 км тротуар салу жоспарланған. Медеу ауданында қоғамдық көлік жұмысының сапасын жақсарту үшін 2022 жылы қалалық тасымалдаушылар 225 жаңа автобус сатып алды. Осылайша, 20 маршруттағы автобустар жаңартылып, 1 жаңа маршрут іске қосылды. Биыл 8 маршрутта 126 автобусты жаңартуға ниеттіміз. Жаңа автобустардың сатып алынуына қарай жұмыс жыл соңына дейін жоспарлы түрде жүргізіледі», - деді қала әкімі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир