Алматыда салық төлемейтін такситер көліксіз қалуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz сайты Алматы қаласы Медеу ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасына сілтеме жасап.
Салық қызметі қала көшесінде салық төлемей жұмыс істеп жүрген такситерді ұстап, жазалауда.
«Бір күндік тексеріс кезінде салықтық тіркемесіз адамдарды тасыған 17 тұлға анықталды. Олардың барлығына салық органдарына барып тіркелу жөнінде ескертпе берілді. Сондай-ақ олар 10 күнде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі қажет. Өйтпеген күнде іс сотқа жіберіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлігі тәркіленеді», - деп мәлімдеді Медеу ауданы МКБ-ғылар.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 463 бабы негізінде тіркелмей кәсіпкерлік пен немесе басқа іспен айналысқандар 15 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеп, әкімшілік құқық бұзған бұйымы тәркіленеді.
«Жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің артықшылығы тұлғалардың жұмыс өтілі есептеліп, өсе береді. Табысының расталуы банктен несие алғанда немесе басқа да ресми келісімдер жасауға мүмкіндік береді. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін жеке куәлігімен ХҚКО барса болғаны. Салықтың сомасы барлық тапқан табысының 1% ғана құрайды», - дейді ведомствадағылар.
Бұл бағытта қазір жұмыстар жалғасуда.