Ұшақ билеттері арзандады
Отандық әуе компаниялары ішкі бағыттар бойынша авиабилеттің орташа құнын орта есеппен 12% төмендетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бұл туралы еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ұшақ билеттеріне жеңілдік тек Қазақстанның ішкі бағыттары бойынша ғана жарамды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жолаушылар үшін пайыздық жеңілдік әуе компаниялар арасындағы ішкі нарықтық бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік бермек.
Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта Қазақстан әуежайларында жолаушылар саны күрт өскен. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік субъектілерімен бірлесіп, ұшақ билеттерінің құнын әлі де төмендету бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33