Қазақстанда жаңа көліктер бір жылда 12 пайызға артты

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Автопарктің жартысындағы көліктердің жүргеніне 20 жылдан асып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда жаңа «темір тұлпарлар» бір жылда 12 пайызға өсті. Бұл – ел автопаркіндегі жалпы көліктердің 14 пайызға жуығы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Алайда, ел жолдарында жүрген ескі көліктер әлі деп көп: автопарктің жартысындағы көліктердің жүргеніне 20 жылдан асып кеткен. Жасы 10 жылдан асқан жеңіл автокөліктер жыл басында жалпы парктің 63,4%. Бұдан бір жыл бұрынғы көрсеткіш 64,5% еді. 

Бұл бір жыл бұрынғыдан 3,5%-ға аз, 2,4 млн автокөлік. Бұл ретте жаңа автокөліктердің үлесі (үш жылдан аз) бір жыл бұрынғы 12%-дан 13,6%-ға жеткен. Яғни, 516,8 мың «темір тұлпар». Жалпы, Қазақстан жолдарында тіркелген жеңіл автокөліктердің саны бір жылда 1,9%-ға азайып, осы жылдың басына қарай 3,8 млн-ға жетті.

Новости партнеров