Ыстық ауа райынан «Самара – Шымкент» автобанының бетон плитасы көтеріліп кетті

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Жол ортасындағы үлкен плиталар ажырап, көліктердің жүруіне кедергі тудырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Самара – Шымкент» тасжолының «Қызылорда – Шымкент» ақылы учаскесінде цемент-бетон плитасы көтеріліп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде «Түркістан-Шымкент» бағытындағы жолда цемент плитаның көтеріліп кеткендігі туралы видео тарады. Жағдай Төрткөл кенті аумағында орын алған. Жол ортасындағы үлкен плиталар ажырап, көліктердің жүруіне кедергі тудырды.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева қазіргі таңда «ШымкентЖолҚұрылыс» ЖШС мердігер ұйымы жолды қалпына келтіру жұмыстарын аяқтағанын мәлім етті.

«10 жол қызметкері және 5 арнайы техника (3 самосвал, 1 тиегіш, 1 гидромолот) жұмылдырылды. Қажет жол белгілері орнатылды. Жергілікті полиция патрульдеу жүргізіп жатыр», - деді Ләззат Стамғазиева.

Новости партнеров