Нұр-Сұлтан мен Уфа арасында тікелей әуе рейсі ашылды
© pixabay/gustavmelin0
Рейстер RRJ-95 типті ұшақтармен орындалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан мен Башқұртстанды тікелей әуе рейсі байланыстырады: Нұр-Сұлтан мен Уфа арасында аптасына бір рет қатынайтын әуе рейсі іске қосылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Ресейлік "Азимут" әуе компаниясы 2022 жылдың 8 шілдесінен бастап жұма күндері аптасына бір рейс жиілігімен тұрақты жолаушылар рейсін орындауды жоспарлап отыр.
Рейстер RRJ-95 типті ұшақтармен орындалады.
Билет әуе компаниясының ресми сайтында сатылады.
Рейс "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының үкіметі арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасын" іске асыру шеңберінде ашылып отыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
14.10.2026 20:40
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
14.10.2026 08:14
Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады
13.10.2026 09:32
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
13.10.2026 13:10
Елде 4 мың шақырымнан астам автожол жөнделіп жатыр
13.10.2026 09:16