Алматыда терминалдарды әдейі өшірген автобус жүргізушілері жұмыстан шығарылды

Алматыда терминалдарды әдейі өшірген автобус жүргізушілері жұмыстан шығарылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Оңай» терминалын әдейі өшіріп, өз қалтасына пайда түсіргісі келген автопарктің жұмысшылары қызметтен шығарылды. Өйткені, жолаушылар соңғы кездері жолақы төлейтін электронды құрылғының жиі өшіп тұратынын айтып, «Көлік холдингіне» шағымданған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қызметтік тексеріс кезінде №16 бағыт жүргізушілері қулыққа салып, жұмыс істеп тұрған терминалдарды өз беттерінше қуаттан ажыратып тастап жүргені анықталыпты. Сөйтіп, ақшаны жолаушылардан өздерінен қолма-қол жинаған. Келеңсіз оқиға тағы да қайталанса, қалалық әкімдік автопракті бағыттан айыруы мүмкін. Енді айласын асырғысы келетіндерді тезге салу үшін «Көлік холдингі» онлайн мониторингті күшейтпек. Сондай-ақ, ақпан айында бақылаушылар саны 200-ге жетеді деп күтілуде.

«Тексеріс кезінде, №16 бағыттағы автобустан терминалдардың істен шығуы туралы «Оңай» сервис орталығына ешқандай арыз түспегені анықталды. Сәйкесінше, автобус жүргізушілері терминалды өздері өшіріп жүрген. Өкінішке қарай, оны біз сырттай бақылай алмаймыз. Ереже бойынша егер терминал бұзылып қалса, олар бірден қоғамдық көлікті тоқтатып, бізге хабарласуы қажет. Ал жолаушыларды артта келе жатқан басқа автобусқа мінгізіп жібереді», – деді «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС директоры Садир ХАМРАЕВ.



Новости партнеров