Бүгін Қазақстанның үш облысында төрт тасжол жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында Жезқазған-Петропавл тасжолының 377-440-шақырымында, Қостанай облысының шекарасынан Державинскіге дейінгі учаскеде көліктің барлық түріне қозғалыс шектелген.
Қарағанды облысында бір учаске жабық: Жезқазған-Петропавл тасжолының 142-252-шақырымдары, Сарлық ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаске.
Сонымен қатар Қостанай облысында екі учаске әлі де жабық:
Жезқазған-Петропавл тасжолының 252-340-шақырымы, Қарағанды облысының шекарасынан Арқалыққа дейінгі учаске;
Жезқазған-Петропавл тасжолының 340-377-шақырымы, Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаске.