Алатау ауданында неше видеомониторинг камерасы орнатылады

almatydc.kz
almatydc.kz
Бұл туралы қала әкімі тұрғындармен кездесуде айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының Алатау ауданында биыл 750 жаңа видеомониторинг камерасын орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл видеомониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы аясында жасалады.

"Ауданда жол қауіпсіздігін жақсарту мақсатында 96 "Сергек" кешені жұмыс істейді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың I тоқсанында тағы 97 "Сергек" АӨК орнату аяқталды. Осылайша, аудан бойынша аталған камералардың жалпы қамтылуы 193 "Сергек" АӨК құрайды", - деді Ерболат Досаев.

Ол  көше жарығымен толық қамту үшін 2022 жылы Алатау ауданының 135 көшесінде сыртқы жарықтандыру жұмыстарының жүргізілгенін атап өтті. Ағымдағы жылы ауданның 123 жарығы жоқ көшелері бойынша ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда. 2025 жылы ауданда көше жарығымен қамту деңгейі 100% -ды құрайды.


Новости партнеров