Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан-Ресей шекарасында орналасқан «Сырым» өткізу пунктіне жақын жерде Қазақстаннан шығуға 350-ден аса жүк көлігі жиналып тұр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Қалыптасқан жағдай шекаралас мемлекеттің бақылау шараларын күшейтуіне байланысты (тасымалдауға тыйым салынған заттар мен материалдарды анықтау үшін «технологиялық өтуді» міндетті түрде ұсынуды талап ету)», – делінген хабарламада.
Ресейден Қазақстанға келе жатқан Ресей Федерациясының «Маштаков» іргелес өткізу пункті ауданында да осындай жағдай қалыптасқаны ескертті. Онда 400-ден аса көлік кезекте тұр.
«Жүк көлік құралдарының жүргізушілерін, әсіресе тез бұзылатын өнімді тасымалдаушыларды аталған өткізу пункттері арқылы маршруттарды жоспарлау кезінде осы мән-жайларды ескеруін сұраймыз», – деді ведомстводағылар.