Алматыда Тілендиев көшесі бойымен Абай даңғылынан Төле би көшесіне дейін жолақтарды сызу жұмысы жүргізілуде. Эксперименттік тәртіпте бұл учаскеде жердегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің алдындағы апатты жағдайларды болдырмау үшін зигзаг таңбасы қолданылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл жолақ ҚР Жол қозғалысы ережелерінде көрсетілмеген. Бұл жолақ көлік жүргізушілердің жаяу жүргіншілер өткеліне жақындап келе жатқанын білдіру үшін қолданылады.
Сонымен қатар мұндай сары жолақ бұл учаскеде басып озуға, кері жүруге, осы аймақта қайта бұрылуға болмайтыны туралы қосымша дабыл ретінде қызмет етеді, өйткені ол қауіпсіз болуы және жол қозғалысының барлық қатысушының жақсы көруіне мүмкіндік бар.
Көрсетілген эксперимент оң нәтиже берген жағдайда реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі ауданында зигзаг таңбасын қолдану бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.
Өкінішке қарай, барлық жүргізуші жолақтарға назар аудармайды, соның салдарынан апат болуы мүмкін.
Ең танымал зигзаг таңбасы 1970 жылдардан бастап, алдымен Ұлыбританияда, содан кейін басқа елдерде қолданыла бастады. Жолдағы ерекше жолақтар басқа жол белгілеріне қарағанда тиімді болып, жаяу жүргіншілер мен көлік иелерінің қауіпсіздігін арттыруға көмектесті.
Оқи отырыңыз: Алматыда тұрғындардың өтінішімен жаяу жүргіншілер өткелі салынды