|
21.12.2022 | 12:02
1747

“Борышкер” жедел алдын алу іс-шарасы: Алматыда айыппұл төлемейтіндермен жұмыс басталды

Автокөліктер ағыны қарқынды жерлерде жол полициясының автоэкипажы жұмылдырылған

“Борышкер” жедел алдын алу іс-шарасы: Алматыда айыппұл төлемейтіндермен жұмыс басталды polisia.kz

Алматыда “Борышкер” ЖААІШ өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

“Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік” қағидасын қамтамасыз ету, жасалған құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын және салынған әкімшілік айыппұлдарды өндірудің тиімділігін арттыру мақсатында Алматы полициясы “Борышкер” жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр. Іс-шараға прокуратураның қызметкерлері мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының сот орындаушылары тартылған. Автокөліктер ағыны қарқынды жерлерде жол полициясының автоэкипажы жұмылдырылған. 

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері де кеңінен қолданылады, оның ішінде “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар борышкерлерді автоматты түрде есептейді. 

"Іс-шара шектеу қойылған адамдар мен көлік құралдарын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңмен белгіленген мерзімде орындалмаған қаулылары бар борышкерлерді ерікті түрде анықтауға бағытталған. Содан кейін тәртіп бұзушының көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылады. Келген жері бойынша Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-ге сәйкес тәркілеу хаттамасы жасалады. Ұсталған көлік құралын айыппұл тұрағынан шығару айыппұлдарды толық өтеген кезде ғана жүзеге асырылады", – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев. 

Алматы полициясы жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін төленбеген айыппұлдары бар азаматтарға үндеу жолдап, заңды міндеттерін орындамаған жағдайда материалдар өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберілетінін ескертеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир