Алматы көшелерінің бірінде автобус жолағымен жүруге рұқсат етілді

Управление городской мобильности
Управление городской мобильности
Демалыс және мереке күндері осы учаскеде барлық автомобиль уақыт шектеуінсіз жол жүре алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2023 жылғы 19 сәуірден бастап жүргізушілерге Райымбек даңғылы бойынша Саин көшесінен Яссауи көшесіне дейін жұмыс күндері сағат 20:00-ден 06:30-ға дейін жол учаскесінде қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтар бойынша жол жүруге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.

Демалыс және мереке күндері осы учаскеде барлық автомобиль уақыт шектеуінсіз жол жүре алады. Көлік қозғалысына осы жаңалықтың енгізілуі қала ішіндегі автомобиль легін тиімді құру үшін, сондай-ақ "қарбалас шақта" және демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешу үшін тестілік режимде енгізілетін болады. Бөлінген жолақтар бойынша көлік құралдарының қозғалысын өзгерту 2023 жылдың соңына дейін күшінде болады. Содан соң салыстырмалы деректер негізінде көлік легін ұйымдастыру туралы шешім қабылданады. 

Жүргізушілер белгіленген жол белгілерін басшылыққа алып, ҚР Жол қозғалысы ережелерінің талабын сақтаулары тиіс.

Еске салсақ, бұл шара пилоттық жобаның екінші кезеңі болып табылады. 2022 жылдың наурызында қоғамдық көлікке бөлінген жолақтар бойынша жол қозғалысын ұйымдастырудың қолданыстағы сызбасына өзгеріс енгізілді.

Новости партнеров