|
26.12.2022 | 12:06
793

Оң тізгінді көліктерді заңдастыру мәселесі шешілді - ІІМ

Қазір Қазақстанда осындай 20 мыңға жуық көлік бар

Оң тізгінді көліктерді заңдастыру мәселесі шешілді - ІІМ pixabay.com

Қазақстанда шетелде тіркелген оң рульді көліктерді бір рет заңдастыруға рұқсат етілді. Бұл туралы ІІМ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді елімізде шеттен келген оң жақ рөлді автокөліктерді бір жолғы заңдастыруға рұқсат беріледі. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында ІІМ өкілі Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.

Бұл мүмкіндік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген көліктерге ғана қатысты. Қазір ел аумағында осындай  20 мыңға жуық темір тұлпар бар. Ал жалпы заңдастыруға жататын автокөліктер саны 300 мыңнан асады. Айта кетейік, 2007 жылдан бері рөлі оң жақтағы көліктерді тіркеуге заңнама бойынша тыйым салынған болатын.

«Осы заң жобасына біз таяуда ғана ұсыныс енгіздік. Оң рөлді көліктер біржолғы заңдастыруға енгізіледі. Бүгінде Қазақстанда мұндай 20 мыңға жуық көлік бар. Бұл ұсыныс енгізіліп, комитетте қолдау тапты. Мәселе шешілді», – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир