Жеңілдетілген автонесие-2022: алғашқы көлік кімге берілді

tengrinews.kz
tengrinews.kz
Қазір 4290 өтінімді мақұлдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан астанасында жеңілдетілген автонесиелеу басталғаннан бері небәрі төрт күн өткен соң, жаңа көліктің кілтін бағдарламаның бірінші қатысушысына табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv.


Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, автомобильдің бақытты иесі инженер Бекзат Тілеген болды, ол 16 мамырда, өтінімдерді қарап қабылдауға банктердің алғашқысына бастапқы жарнасыз ресімдеуге өтінім берді.

"Бұл - шын мәнінде күтпеген жағдай. Көптеген тілек білдірушілердің арасында өтініш бердім, сол кезде менің қызымның туған күні болды. Барлық процедураларды өтіп, үйге кеттім. Бірақ мен Шевроле менеджерлерінен кері қоңырау аламын деп ойламадым, олар сатып алу-сату шартын жасауға болады деді. Қызметкерлерге үлкен және үйлесімді жұмыс үшін алғыс айтамын. Бүгін біз кілттерді алып жатырмыз. Бұл біздің отбасымыз үшін салондағы алғашқы машина және де біз үшін - бұл айтулы оқиға", - деп өз әсерімен бөлісті Бекзат Тілеген.

Бүгіннен бастап басқа қазақстандықтар да осындай сезімдерді сезіне алады. Өтініш берушілер бағдарлама шарттарына толық сәйкес келген жағдайда, автосалондар мен екінші деңгейдегі банктер арқылы автомобильдерді кезең-кезеңмен беруге дайын. Өнеркәсіпті дамыту қоры атап өтілгендей, бағдарламада қатысушы банктер бүгінгі таңда 31,7 млрд теңге сомасына 4290 өтінімді мақұлдады.


«Алғашқы күннен бастап несиеге 9 мыңнан астам өтініш қабылданған болатын. Өтініш қалдыру үшін жеке куәләндіру құжаты мен дилердің төлемақы счеты қажет болады. Осы құжаттармен банк қызметкері арқылы өтініш қалдырса болады. 15 минутта жауап беріледі», – деді банк қызметкері Арман Шынтемір.

Ал белгілі автокөлік сарапшысы Олжас Оқас аталмыш бағдарламаның әлемдік тәжірибеде бар екенін және қазақстандықтар үшін тиімді дейді. Мысалы 4 пайызбен берілген автонесиені 5 жылға алатын болса, жылдық 8 пайыздық инфляциямен салыстырғанда артық шығынсыз бөліп төлеген боп саналасыз. Өкініштісі, бөлінген 100 миллиард теңге аз дейді.

«Бірден жүгірудің қажеті жоқ. Асықпау керек. Бұл бағдарлама 30 жылға жоспарланған. Сондықтан бәрі жақсы болса, автоөндірісте бәрі тұрақтанса, кез келген адам машина ала алады. Біздің көксегеніміз де сол ғой. Әр адам арзан емес, қол жетімді көлік алу керек. Арзан деген ол - абстрактілі түсінік», – деді сарапшы Олжас Оқас.

Еске сала кетейік, 4 пайыздық автонесиелеу бағдарламасы 16-мамырда басталған еді. Кредит 10 миллион теңгеден аспайтын сомаға және 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бастапқы жарна 0 пайыздан басталса, көліктің жалпы құны 15 миллион теңгеден аспауы тиіс. «Өнеркәсіпті дамыту қорының» мәліметінше, автонесиеге өтініш берушілер бойынша әзірге Алматы көш бастап тұр. Екінші орында Нұр-Сұлтан, ал үздік үштікте - Түркістан облысы.     


Новости партнеров