Алматы әкімі Ерболат Досаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп беру барысында Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында қарастырылған мегаполистің көлік құрылымын әзірлеу туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол қоғамдық көлік желісімен біріктірілген 5 жаңа полиорталықтарды құруды көздейді.
«Болашақ көлік құрылымының негізі халықтың 75%-ы үшін жаяу жүргіншілерге қолжетімді жылдамдықты қоғамдық көлік – метро, LRT және BRT болады. Бұл жолаушылардың қозғалыс жылдамдығын 20-30%-ға арттыруға мүмкіндік береді», - деді Ерболат Досаев.
Алматы әкімі жүрдек көлікті дамыту есебінен қалалық маршруттарға жүктеме тұтастай төмендейтінін атап өтті: олар негізгі емес, тасымалдаушы рөл атқара бастайды, бұл ретте қозғалыс аралығы қазіргі 30-дан 5-10 минутқа дейін төмендейді.
Жоспарланған өзгерістерді ескере отырып, 2025 жылы күнделікті жол жүру саны 1,4 млн-нан 1,7 млн-ға дейін өсуі мүмкін.