Шетелдік автомобильдерді заңдастыру тәртібін белгілейтін Үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Министрлік Мемлекет басшысының шетелдік автомобильдерді заңдастыру тапсырмасын іске асыру бойынша іс-шара қабылдауда. Бұл жұмыс 2 кезеңге бөлінді. Бірінші – заңнамаға тиісті түзетулерді енгізу; екінші – заңдастыру үшін тікелей іс-шаралар ұйымдастыру. Парламент Салық кодексіне түзетулерді қабылдады. Ол заңдастыруға жататын автокөліктерді бастапқы тіркеу үшін төленетін алымды 200 мың теңге көлемінде белгіледі. Сондай-ақ төлем басқа заң жобасы аясында Экологиялық кодекске утилизациялық төлемді алып тастау бөлігінде түзетулер енгізледі», - деді министр.
Оның атап өтуінше, Ішкі істер министрлігі заңдастыруды жүргізудің тәртібін, шарттары мен мерзімдерін белгілейтін Үкімет қаулысының жобасын әзірлеген.
«Министрлік осы жылғы қыркүйектен бастап бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде, сондай-ақ шетелдік автокөлік иелерімен тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, ішкі істер министрлігімен бірге Қаржы министрлігі кедендік декларациялау мәселелері бойынша, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік құралдарына техникалық талаптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр», - деді ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.