Алматыда кабельдер зақымданып, троллейбустар жүрмей жатыр
Қабанбай батыр көшесінде тоқ кернеуі аз болғандықтан, №9 троллейбус мүлдем жүрмейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы тұрғындары троллейбустардың жүруіне шағымдана бастады. Жолаушылардың наразылығына «Алматыэлектротранс» ЖШС өкілдері жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құрметті жолаушылар, №8 подстансадағы желінің зақымдануына байланысты бүгін №11 маршрут бойынша 20 троллейбустың 10-ы, №25 маршрут бойынша 31 троллейбустың 16-сы, №7 маршрут бойынша 27 троллейбустың 14-і, №19 маршрут бойынша 17 троллейбустың 9-ы ғана шығады. Көліктердің арасындағы интервал ұзақ болады», – деп жазды «Алматыэлектротранс» ЖШС Facebook -тегі парақшасында.
Сонымен қатар, Қабанбай батыр көшесінде тоқ кернеуі аз болғандықтан, №9 троллейбус бағдары толық жабық болады. Компания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34