Қазақстанда 2 аптаға жететін бензин, 13 күнге жететін дизель отынының қоры бар, деп хабарлайды Almaty.tv.
Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, мұнай базалары мен жолда келе жатқан АИ-92 маркалы бензиннің көлемі 180 мың тоннаны құрайды. Ал қазір көп жанармай құю бекеттерінде талонмен беріліп жатқан дизель отынының 220 мың тоннасы бар екен. Министр оны жеткізуде қиындықтардың барын айтты.
«Қазіргі уақытта мұнай өңдеу зауыттары мұнайды жеткілікті көлемде өндіреді. Мен атап өткендей, сол зауыттардың қорлары шамамен 54 мың тоннаны құрайды. Алайда мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерінің жиынтығы тұрақты емес. Бос вагон жеткіліксіз», – деді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.