|
09.06.2022 | 21:27
12570

Қазақстандық банктер жеңілдетілген автонесие алуға өтініш қабылдауды тоқтатты

Бүгінгі таңда банктер 73 млрд теңгеге 10 мыңға жуық өтінімді мақұлдаған

Қазақстандық банктер жеңілдетілген автонесие алуға өтініш қабылдауды тоқтатты liter.kz

Бөлінген қаражаттың лимитінен асып кетуіне байланысты банктер қазақстандықтардың жеңілдетілген автонесие алуға өтініштерін қабылдауды тоқтатты.Б ұл туралы Сенаттың кулуарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.  

"Бөлінген қаражаттың лимитінен асып кетуіне байланысты банктер қазақстандықтардың жеңілдетілген автонесие алуға өтініштерін қабылдауды тоқтатты. Автонесиелеуге 100 млрд теңгедей қаржы бөлінді. 20 мыңнан астам өтініш түсті. Бұл өтініштердің 10 мыңға жуығы банктерден өтті. Бүгінгі таңда 2 895 көлік сатып алынды. Біз шамамен 15-16 мың көлік сатып алуға 100 миллиард теңге жетеді деп ойладық", - деді министр.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда банктер 73 млрд теңгеге 10 мыңға жуық өтінімді мақұлдаған.

"1-2 айдан кейін несиеге берілген ақша қайта орала бастайды. Яғни көлік алғандардың төлемі түсе бастайды. Осы жиналған төлемдерге қайтадан несие беріледі. Яғни бұл айналып отыратын бағдарлама 100 млрд теңгеден басқа қаражат бөлінбейді, қазіргі таңда осы ақшамен шектеліп отырмыз", - деп айтты ИИДМ басшысы.

Айта кетейік, Қазақстанда мамыр айында жылдық 4 пайызбен жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылған болатын.

Бағдарлама бойынша несие сомасы 10 миллион теңгеден, көлік құралының құны 15 миллион теңгеден, қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспауы керек, бастапқы жарна 0 пайыздан аспауы тиіс.

Бағдарламаға «Жасыл Даму» қоқыс жинау операторының шотынан 100 млрд теңге бөлінді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир