Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты
Енді 4 пайыздық автокредиттің шарты тағы өзгермек. Айлығы жоғары азаматтарға жеңілдетілген несие берілмеуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
Яғни, аталған бағдарламамен көлік алғысы келетіндердің шекті жалақысын бекіту жоспарланып отыр. Индустрия министрі Марат Қарабаев берілетін көлік брендтері де қайта қаралатынын айтады. Яғни, 15 миллион теңгеден жоғары тұратын кроссоверлерді де жеңілдетілген кредит бойынша алу көзделіп отыр. Сонымен қатар, осы бағдарлама арқылы темір тұлпар алған азаматтардың аты-жөні де жариялануы мүмкін. Бюджеттік көліктің көп сатылуына баса назар аударылмақ.
«Біз жалақының ең жоғары шегін белгілеуді қарастырамыз, яғни белгілі бір жалақы мөлшерінен жоғары алатын адамдың жобаға қатыса алмайды. Өйткені табысы аз адамдар үшін автонесие бағдарламасын қолжетімді еткіміз келеді», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев.
Қазір револьверлік жүйемен 4 миллиард теңге жиналған екен. Министрдің сөзінше, бұл сома 5 миллиард теңгеге жеткен соң келесі пулды ашу көзделіп отыр. Марат Қарабаев нақты шешім алдағы уақытта қабылданатынын айтты.