Республикалық маңызы 7 мың шақырымнан астам жол жаңартылып жатыр
Almaty.tv
Жолдың жалпы ұзындығы 25 мың шақырым
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазіргі уақытта елімізде 7 мың шақырымнан астам республикалық маңызы бар жол жөндеуден өтіп, жаңартылып жатыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының бас инженері Талғат Смағұлов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бүгінде еліміз бойынша 7 мың шақырымнан астам жолды жаңарту және жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 4 мың шақырым жол жаңғырту және шамамен 4 мың шақырым жөндеу жұмысымен қамтылған», - деп атап өтті Талғат Смағұлов елордада өткен брифинг барысында.
Оның дерегінше, еліміздің республикалық маңызы бар жолдарының жалпы ұзындығы 25 мың шақырымды құрайды.
«Жалпы, елімізде республикалық маңызы бар шамамен 100 автожол учаскесінде жөндеу жұмысы көзделген», - деді Талғат Смағұлов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52