|
02.07.2020 | 13:31
5409

«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тасжолының 154 шақырымында қозғалыс ашылады

Қазіргі таңда мұнда ірі түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жол жабындысының төменгі және жоғарғы қабаттары жаңартылуда

«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тасжолының 154 шақырымында қозғалыс ашылады azh.kz

Республикалық маңызы бар 160-220 «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жолдың 60 шақырымындағы жұмыстарды жолшылар жоспарға сәйкес орындап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-кесілтеме жасап.

Қазіргі таңда мұнда ірі түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жол жабындысының төменгі және жоғарғы қабаттары жаңартылуда.

Аталмыш жұмыстар аяқталған соң ені 9 метрді құрайтын қозғалыс бөлігі бар тасжол ІІ техникалық санаттағы жолға сәйкестендірілетін болады. Жолдың осы учаскесіндегі жұмыстарға шамамен 175 адам мен техниканың 116 бірлігі жұмылдырылған. Жол учаскесіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын Todini Costruzioni GeneraliS.p.A. мердігерлік компаниясы, техникалық бақылаушараларын "ConsultEnginering" және "ZS Enginering" компаниялары жүзеге асыруда.

Жалпылайт алғанда, биыл Ақтөбе облысында "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" тасжолының 154 шақырымында қозғалыс ашылмақ. Бұл – жолдың 160-220, 236-275 және 275-330 шақырымдарының аралығы.

Еске салайық, өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 1892 шақырымды құрайды. Жолдардың шамамен 70% жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир