Алматыда автоХҚКО-лар әлі іске қосылған жоқ

tumba.kz
tumba.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгіннен бастап Қазақстанда автокөлік иелеріне мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істей бастады. Тек үш өңірде автоХҚКО-лар әлі іске қосылған жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында).

«Әзірге Алматы қаласында автоХҚКО-лар жұмыс істемей тұр. Алматыдағы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындауға жұмылдырылып отыр. Автокөлік иелеріне мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсете алмаймыз. Бұл жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Сондай-ақ автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын еске саламын. Әзірше осы сервистерді пайдалануға кеңес беремін», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Ермек Бекжүнісов.

Алматыда автоқызметтердің қайта көрсетіле бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

Новости партнеров