|
09.07.2022 | 14:05
3720

Абай даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Жұмыстар 2022 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр

Абай даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі ашық дереккөз

Абай даңғылында жолдар уақытша жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, асфальт жабындысының жоғарғы қабатын төсеу бойынша жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 11 шілде сағат 08:00 мен 12 шілде сағат 06:00 аралығында Абай даңғылының Алатау даңғылынан Қадырбеков көшесіне дейінгі бөлігінің оңтүстік бетінде шығыс бағытта көлік қозғалысы уақытша тоқтайды.

Алатау даңғылынан Қадырбеков көшесіне дейін шығыс бағытта көліктер уақытша Абай даңғылының солтүстік бетіндегі бір жолақпен жүре алады.

Аталған жұмыстар 2022 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир