|
17.01.2023 | 13:49
642

Шетелдік көлікті заңдастырмаған жағдайда қандай жаза қолданылады

Ел аумағында сақтандыру полисі арқылы жүрген 300 мыңнан астам шетелдік автомобиль бар

Шетелдік көлікті заңдастырмаған жағдайда қандай жаза қолданылады stan.kz

Сырт елден әкелінген автокөлікті белгіленген уақытта заңдастырмаған жағдайда заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылады. Аталған сауалға Астана қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Шетелдік көліктерді заңдастыру – бірреттік акция. Ол биыл 23 қаңтарда басталып 1 шілдеге дейін жалғасады. Шетелдік автомобильді талап бойынша тіркемеген жағдайда заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылады. Еліміздегі шетелдік көліктердің дені сақтандыру полисі негізінде қолданылып жүр. Егер автомобильді белгіленген уақытта заңдастырмаған жағдайда сақтандыру полисі тоқтатылып, көлік коммуналдық автотұраққа қойылады», - деді Елжан Чупеков елорданың полиция департаментінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде ел аумағында сақтандыру полисі арқылы жүрген 300 мыңнан астам шетелдік автомобиль бар.

Еске салайық, елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады.

Кеше Ішкі істер министрлігінде автокөліктерді заңдастыру үшін қандай құжаттар керегі айтылды.

Сонымен қатар шетелдік көлікті заңдастырудың қанша тұратыны белгілі болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир