|
17.05.2019 | 14:13
2983

Еліміздің полиция департаменттерінің басшылары тұрғындарды көшеде қабылдайды

С начала года акция проводится во второй раз

Еліміздің полиция департаменттерінің басшылары тұрғындарды көшеде қабылдайды

17-18 мамыр күндері республика аумағында «Жолда қабылдау» кезекті акциясы өткізіледі, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Полиция департаменттері, әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметі басшылары халық көп жиналатын жерлерде (орталық алаңдар, сауда-ойын сауық орталықтары, мамандандырылған ХҚКО және ХҚКО айналасында) арнайы «жедел» қабылдау орындарында тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.

Акция кезінде азаматтар алдын ала жазылмай-ақ полиция басшыларына өз мәселелерін тікелей айта алады.

Бұған қоса, телефон байланысының «қызу желісі» ұйымдастырылады. Сол арқылы жол қауіпсіздігі және көші-қон қызметіне қатысты мәселелерге жауап алуға болады.

Аталған іс-шараның өткізілетін орны және «қызу желінің» телефон нөмірлерін «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫН, сілтемесі бойынша ІІМ-нің ресми порталынан және полиция департаменттерінің порталдарынан, сондай-ақ +7 (7172) 437613 телефондарынан білуге болады.

Бұрын мұндай акция республика бойынша ағымдағы жылғы 5-6 сәуірде өткен болатын. Жолдарда 250 жедел қабылдау пункттері жұмыс істеді. «Жолда қабылдау» пункттеріне екі күндік акция барысында  18 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

ІІМ-нің бастамасымен қолға алынған «Жолда қабылдаудың» азаматтарға қажеттілігі іс жүзінде көрінді. Бұл акция тұрғындармен байланыс жасаудың жаңа моделіне көшудің бір бағыты болып табылады.

Осыған байланысты, министр Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша өңірлік ішкі істер органдары азаматтарды жедел қабылдауды ай сайын жүргізеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир