Мегаполистің қоғамдық көлік паркі газбен жүретін жаңа автобустармен толықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаланың коммуналдық паркі газбен жүретін жаңа 37 автобус алды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес коммуналды және қоғамдық көлік жоспарлы түрде экологиялық таза отындарға көшуде. Басты мақсат – қаланың экологиясын жақсарту және жолаушыларды тасымалдаудың сапасын арттыру.
Жаңа автобустар партиясының бөлігін тұрғындар жаңартуды және күшейтуді өтінген 34 бағыт бойынша жүргізу жоспарланған.
Бүгінгі күні автобустар техникалық байқаудан өтіп, құжаттары рәсімделуде. Оларды 2021 жылы 20 наурызында іске қосу жоспарланып отыр.
Жаңа ұзындығы 12 метр болатын жаңа автобустардың сыйымдылығы 90 адамдық, үш есігі бар, оның біреуінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін платформаы бар. Автобустар автоматты бейнебақылау жүйелерімен, жолаушылар санын есептейтін және жүргізушілердің шаршағанын бақылайтын датчиктермен жабдықталған.
Еске салсақ, жаңадан қослыған көліктерді есептегенде қала бағыттарында газбен жүретін 389 автобус қызмет көрсететін болады.