|
21.10.2019 | 16:20
8121

Алматыдағы № 92 бағыттағы автобустар толықтай жаңартылды

Автобустың жалпы сыйымдылығы - 104 адамды құрайды

Алматыдағы № 92 бағыттағы автобустар толықтай жаңартылды пресс-служба акима Алматы


Тұрғындардың өтініш бойынша Әуежай мен Абай-Момышұлы арасында 12 метрлік қоғамдық көліктер өткен демалыстан бастап қатынай бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Қоғамдық көліктер табиғи газбен жүреді, кондиционер және видеобақылау орнатылған. Автобустың жалпы сыйымдылығы - 104 адамды құрайды. Онда 22 орындықты және мүкіндігі шектеулі жандар үшін қосымша 3 орын қарастырылған. Алматы қаласының әкімі су жаңа көліктерді өзі қадағалап, жүргізушілермен жүздесіп қайтты.

«Жүргізушілерді жақсылап дайындау керек. Жағдайын жасау керек. Ол басшылардың жауапкершілігінде. Әкімшілік өз тарапынан ақша бөледі де, осы автобустарды алуға жағдай жасайды. Ал, соны әрі қарай тоқтатпай жүргізу сіздердің қолдарыңызда», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир