Елімізде биыл 950-ге жуық адам жол апатынан қаза тапқан

Almaty.tv
Almaty.tv
6 мыңнан астам апат тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде жыл басынан бері 950-ге жуық адам жол апатынан қаза тапқан. 6 мыңнан астам апат тіркелген. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақтоты Боранова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, 8 мыңнан астам адам әртүрлі дене жарақатын алған. Сонымен қатар 70-тен астам бала қаза тауып, 1,5 мыңға жуық жасөспірім зардап шеккен.

«Жол көлік оқиғаларында қаза болғандар мен жарақат алғандардың төрттен бір бөлігі жаяу жүргіншілер құрайды. Онда 200-ден астам адам қаза тауып, 2000-ға жуық адам әртүрлі дене жарақатын алған. Жаяу жүргіншілер кінәсінен 200-ге жуық жол-көлік оқиғасы болған», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Сонымен қатар ІІМ елімізде соңғы бір аптаның ішінде шетелдіктерге қатысты 3800-ге жуық құқық бұзушылық анықталғанын да хабарлады

«Оның ішінде: 1239 шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған, 207 жұмыс берушілердің шетел азаматтарының еңбегін рұқсатсыз пайдаланған, 1509 шетелдіктердің келуі туралы Ішкі істер органдарына уақтылы хабар бермеген. Сот шешімі бойынша елден 322 шетелдік шығарылды. 646 адам мәжбүрлеп шығару үшін арнайы қабылдау орындарына қамалды», – деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.


Новости партнеров