Алматыда электрсамокаттар үшін жылдамдыққа шектеу енгізілді

sxodim.com
sxodim.com
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада электрсамокаттарды пайдалану мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бостандық ауданының тұрғындары әкіммен кездесу кезінде жаяу жүргіншілер жолында самокатпен қатты жүретіндерге шағымданды.

"Қалада самокаттарға қатысты шешім қабылданды, азды-көпті тәртіпке келтіруге кірістік. Бірақ заңның қабылдануын күтіп отырмыз, заңға өзгерістер мен толықтырулар биыл күзде қабылданады. Қала деңгейінде мердігерлермен меморандумға қол қойдық, олар қазірдің өзінде саябақ аумақтарынан шықты. Қазір осы үш ірі операторға арнайы автотұрақтарды қарастырып  жатырмыз. Бұл самокат мінетіндерге шектеу. Тәртіпбұзушылар – осы ережені сақтамайтын қаланың жас тұрғындары. Меморандум аясында тамыздың аяғына дейін тәртіп әлдеқайда жақсарады деп сенеміз. Бірақ заң керек. Заң шыққанша бұл мәселені қаламыздың ішкі шешімдерімен қарастырамыз", – деді Ерболат Досаев.

Ғани Мырзахановтың айтуынша, Алматыда ортақ серіктестіктердің электрсамокатына қазірдің өзінде шектеу қойылған.

"Жылдамдық бойынша - сағатына 25 шақырым. Бұл самокат тебуді енді үйреніп жүргендерге. Ал самокат тебуді үйренбегендерге сағатына шамамен 20 шақырым болады", – деді Мырзаханов.

Новости партнеров