Ақбұлақ, Шаңырақ-1 және Көк-Қайнар шағынаудандарында жол жөнделіп жатыр

Ашық дереккөз
Ашық дереккөз
2022 жылы қосымша 515 көшеге жарық шамдарын орнату жоспарланып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақбұлақ, Шаңырақ-1 және Көк-Қайнар шағынаудандарында жол жөнделіп жатыр. Алғабас шағынауданында жаңа жолдардың құрылысы жүріп жатыр, 31 шақырымнан астам жол жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Ертас Бесіров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ертас Бесіровтың айтуынша, Алатау ауданындағы жолдардың ұзындығы 706 шақырымды құрайды, оның 583,6 шақырымы (82,6%) толығымен асфальт жабынымен қамтамасыз етілген.

«Биыл 47 көшені, оның ішінде жалпы ұзындығы 53,3 км болатын 7 шағын ауданды орташа жөндеумен қамту жоспарланған, қазіргі уақытта Ақбұлақ, Шаңырақ-1, Көк-Қайнар шағын аудандарында жұмыстар жүргізілуде», - деді Е. Бесіров.

30 көшеде ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.

Е. Бесіров 6 шағынауданда (Шапағат, Қарасу, Алғабас, Әйгерім-1,2, Шаңырақ-1, Боралдай) жалпы ұзындығы 207 км (су – 116,6 км, кәріз – 90,3 км) инженерлік желілердің құрылысы жүргізіліп жатқанын айтты. Инженерлік желілердің құрылысы аяқталған көшелерде асфальт жабынын қалпына келтіру жұмыстары атқарылып жатыр.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Ақбұлақ, Өжет және Самғау шағынаудандары бойынша салынған инженерлік желілерді пайдалануға беру жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Теректі шағынауданында 44 км сумен жабдықтау және 32 км кәріз желілерінің құрылысы жоспарланған.

Брифинг соңында Е. Бесіров ағымдағы жылы Теректі шағынауданында 44 км сумен жабдықтау және 32 км кәріз желілерінің құрылысы жоспарланғанын хабарлады.

2020 жылы 413 көшеге 19 471 жарық диодты шам орнатылды. 2022 жылы қосымша 515 көшеге жарық шамдарын орнату жоспарланып жатыр.

Дереккөз: Алматы қаласының ӨКҚ

Новости партнеров